Қазақстандық боксшылар Astana World Boxing кубогінің алғашқы күнінде бірнеше жарқын жеңіске жетіп, бір сәтсіздікпен де бетпе-бет келді.
Астанада өтіп жатқан беделді World Boxing Кубогінің алғашқы күнінде ел намысын бес боксшы қорғады:
Ерлер арасында: Абылайхан Жүсіпов (70 кг);
Әйелдер арасында: Назым Қызайбай (48 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг).
Қазақстандық жанкүйерлер үлкен үміт артқан Абылайхан Жүсіпов рингке Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековке қарсы шықты. Өкінішке қарай екінші раундта алған кесіктен кейін үшінші раундта дәрігердің шешімімен жекпе-жек тоқтатылды. Абылайхан жарысты ерте аяқтады.