
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Виктория Графеева Astana World Boxing кубогінде алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогінде әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Виктория 1/8 финал кезеңінде Жапония өкілі Аяка Тагутиге қарсы шықты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Графеева айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Виктория турнирдің ширек финалына жолдама алып, жүлдеге бір қадам жақындай түсті. Ал жапониялық боксшы жарысты жүлдесіз аяқтауға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Виктория Графеева — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол бұл жетістікке биыл наурызда Сербияның Ниш қаласындағы жаһандық додада қол жеткізген.