Күтпеген жеңіліс пен сенімді жеңістер: Қазақстан үшін әлем кубогы қалай бастады?
Қазақстандық боксшылар Astana World Boxing кубогінің алғашқы күнінде бірнеше жарқын жеңіске жетіп, бір сәтсіздікпен де бетпе-бет келді.
Instagram/@boxingkazakhstan
Рингке алғашқы кімдер шықты?
Астанада өтіп жатқан беделді World Boxing Кубогінің алғашқы күнінде ел намысын бес боксшы қорғады:
Ерлер арасында: Абылайхан Жүсіпов (70 кг);
Әйелдер арасында: Назым Қызайбай (48 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Наталья Богданова (70 кг).
Абылайхан Жүсіпов — ерте тоқтаған жекпе-жек
Қазақстандық жанкүйерлер үлкен үміт артқан Абылайхан Жүсіпов рингке Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековке қарсы шықты. Өкінішке қарай екінші раундта алған кесіктен кейін үшінші раундта дәрігердің шешімімен жекпе-жек тоқтатылды. Абылайхан жарысты ерте аяқтады.
Қыздар сенімді бастады
- Назым Қызайбай канадалық Приянка Дхиллонды айқын басымдықпен жеңді (5:0);
- Әнел Сақыш неміс боксшысы Татьяна Обермайерді үш рет нокдаунға жіберіп, бір ауыздан жеңіске жетті (5:0);
- Виктория Графеева жапониялық Аяка Тагутиден басым түсті (5:0);
- Наталья Богданова үндістандық Санамачи Чану Токчомды 4:1 есебімен жеңіп шықты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet