
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста көздегенін әлеуметтік желіде жария етті.
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіби мансабындағы ең басты мақсатын жария етті.
Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында (Instagram) боксқа деген көзқарасы мен өмірлік ұстанымы жайлы ойымен бөлісті:
«Атақ үшін емес, Тарих үшін еңбек етудеміз! Qazaq style-ды тарихта қалдыру басты мақсат!», – деп жазды әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгті 5-раундта нокаутқа түсіріп, титулын сенімді түрде қорғап қалды.