Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатында екінші "алтын" жеңіп алды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
31.07.2025, 22:07

Күрестен Қазақстан құрамасы Афинада жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші мәрте алтын жүлдеге ілікті.

@kazakhstan_wrestling
Реклама
Реклама

Мадхия Усманова — 57 келіде әлемнің үздігі

Қазақстандық балуан Мадхия Усманова қыздар арасындағы 57 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Афина (Грекия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде ол қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иегері атанды. 

Финалдық белдесуде Усманова Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтты. Бұл — Қазақстан құрамасы үшін екінші алтын.

Інжу Бакқожа — қола жүлдегер

43 келіде белдескен тағы бір отандасымыз Інжу Бакқожа әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медаль сыйлаған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары