Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында үш өзбекстандықпен кездеседі
U-22 санатындағы алғашқы World Boxing Азия чемпионатында Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды. Жастар үшін маңызды сын болатын дода 1–11 тамыз аралығында Бангкокта өтеді.
Алғашқы қарсыластар белгілі болды
Бангкокта өткен ресми жеребе нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Кейбіреулер 1/8 финалдан бастаса, басқалары бірден ширек финалда бақ сынайды.
1/8 финал жұптары:
- 50 кг: Нұрзат Оңғаров — Вики Тахумил (Үндістан)
- 55 кг: Бексұлтан Боранбек — Самандар Олимов (Өзбекстан)
- 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев — Сеунг Хун Ио (Оңтүстік Корея)
- 65 кг: Илья Калинин — Прит Малик (Үндістан)
1/4 финал жұптары:
- 70 кг: Нұрбек Мурсал — Үндістан мен Филиппин боксшылары арасындағы жеңімпаз
- 75 кг: Аман Қонысбеков — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
- 80 кг: Санжаралы Бегалиев — Сеонгву Жанг (Оңтүстік Корея)
- 85 кг: Азатбек Жолдасхан — Роки Чаудхари (Үндістан)
- 90 кг: Темірлан Мұқатаев — Куо Чао (Қытай)
- 90+ кг: Нұрасыл Асылхан — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
Қазақстан құрамасының тізгінін кім ұстап отыр?
Жастар арасындағы бұл айтулы додада Қазақстан құрамасын Олимпиада чемпионы, тәжірибелі бапкер Бақыт Сәрсекбаев бастап алып жүр.
Бұл — World Boxing тұжырымдамасы аясындағы алғашқы Азия чемпионаты, яғни бокс тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы. Қазақстандық боксшылар үшін бұл — тек жүлде үшін күрес емес, сонымен қатар болашақ Олимпиада мен әлемдік ареналарға жол ашатын алаң.