
Қытайда тұратын этникалық қазақ файтер Тайлақ Нұражы (11-1) UFC аренасына алғаш рет шығады. Ол 23 тамыз күні Шанхайдағы UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шығуы тиіс.
24 жастағы Тайлақ “Супер Саян” лақап атымен танымал. Оның 11 жеңісінің барлығы да мерзімінен бұрын аяқталған, 10-ы – нокаут арқылы. Көпшіліктің болжамы бойынша ол осы турнирде қытайлық жартылай орта салмақтағы файтер Сонг Кенанның орнына ирландиялық Кифер Кросбиге қарсы тұрады. Ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады.
Тайлақ Нұражы Қытайдың Чэнду қаласында дүниеге келген. 2023 жылдың мамыр айында Road to UFC реалити-жобасында Оңтүстік Корея файтері Хан Сеул Кимді әдемі нокаутпен жеңіп, Қазақстан мен Қытайда танымал бола бастады. Сол кезде UFC-дің ресми сайты оны болашағы зор файтер ретінде атап өткен еді.
2024 жылдың ақпанында Тайлақ Қазақстанның Naiza FC промоушенінде Алматыда тұратын бразилиялық Дуглас Пуманы нокаутқа түсірген алғашқы спортшы атанды. Қазір ол қатарынан бес жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған, оның үшеуі – бірінші раундта.
Қазір UFC-де Қытай атынан екі қазақ спортшысы өнер көрсетуде:
Ал 2014 жылы үш жекпе-жек өткізген Жұмабек Тұрсын (0-3) қазіргі таңда Алматыда тұрады.
23 тамыздағы UFC Fight Night турнирінде Тайлақпен қатар Қазақстанның тағы бір өкілі, жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожай да октагонға шығады. Оның қарсыласы қырғызстандық Уран Сатыбалдиев болады.