Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Канелоның" командасындағы қазақстандық боксшы маңызды шешім қабылдады

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 03:10

Екінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбеттің салмақ дәрежесін ауыстыру жайлы айтқан пікірі көпшіліктің назарын аударды.

instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli
Реклама
Реклама

Бек Нұрмағамбет: "Суперорта салмақтағы рейтингімді жоғалтқым келмейді" 

"Қазір мен екінші орта салмақта рейтинг жинап жүрмін. Бұл деңгейге жету үшін көп еңбек еттім. Сондықтан осы салмақтағы позициямнан бас тартқым келмейді. Жартылай ауыр салмаққа ауысу — бәрін қайта бастау деген сөз. Әзірге ондай жоспарым жоқ", — деді Бек Нұрмағамбет.

Бек — "Канело" командасының мүшесі

Жас болса да, Бек бірнеше жылдан бері әлемнің үздік боксшыларының бірі Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып жүр. Ол — "Канелоның" тұрақты спарринг-серіктестерінің бірі.

Бектің кәсіби мансабын Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо басқарады.

Статистикасы мен келешегі

Нұрмағамбет екінші орта салмақта 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның ішінде 12 жеңісін мерзімінен бұрын аяқтаған. Алайда сарапшылардың пікірінше, оның қарсыластарының деңгейі әлі де жоғары бәсекелестікке жетпей тұр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары