ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан Азия чемпионатында Өзбекстанды екі нокдаунмен жеңді (ВИДЕО)

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы Қазақстан - Өзбекстан жекпе-жегі өтті.

Қазақстан Азия чемпионатында Өзбекстанды екі нокдаунмен жеңді (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстан – Өзбекстан: рингтегі шиеленісті шайқас

54 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жәнел Имантаева мен өзбекстандық Муслима Тургунова 1/8 финалда бетпе-бет келді. Кездесу барысында жанкүйерлер күтпеген сәттерге куә болды.

Жекпе-жектің екінші раунды нағыз драмаға айналды. Алдымен Жәнел Имантаева қарсыласын тік тұрып есеп алуға мәжбүр етті (стенд-даун). Артынша Тургунова да Жәнелге дәл осындай жауап қайтарды.

Алайда соңғы сөз төрешілерге берілді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Азия чемпионаты: алғашқы World Boxing турнирі

1–11 тамыз аралығында өтіп жатқан бұл дода – World Boxing ұйымы аясында жастар мен U22 спортшылар үшін тұңғыш Азия чемпионаты. Турнирге құрлықтың таңдаулы жас боксшылары қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы алғашқы күннен-ақ жүлдеге таласты қарқынды бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?