Бокстан Азия чемпионаты: Айым Таңқыбаева мен Аяжан Ермек қарсыластарын ойсырата жеңді (ВИДЕО)
Бангкокта World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар мен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатын қазақстандық қыздар сенімді жеңіспен бастады.
instagram/@boxingkazakhstan
Қазақстандық боксшылар – жарыстың жарқын фавориттері
1/8 финалда Айым Таңқыбаева Вьетнам құрамасының өкілі Тхи Хоа Транмен жұдырықтасты. Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Ал Аяжан Ермек жапониялық Сакура Окаямамен ширек финал жолдамасына таласты. Қарсыласын соңғы раундта нокдаунға жіберген Ермек те төрешілердің бірауызды шешімімен келесі кезеңге өтті.
Турнир жайлы
Жастар мен U22 спортшыларға арналған Азия чемпионаты 1–11 тамыз аралығында өтеді. Бұл – World Boxing ұйымының аясындағы алғашқы құрлықтық жарыс. Турнирге Азияның 30-дан астам елінен жас спортшылар қатысып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet