ҚПЛ
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)
фото ашық дереккөздерден алынды

Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Бангкоктағы World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында Тимур Тайбеков алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.

Тайбеков – тоқтаусыз шабуылдың авторы

80 келіге дейінгі салмақта (U19) сынға түскен Тайбеков 1/8 финалда Сингапур өкілі Райан Ли Бенджаминмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында әр раундта бір-бір нокдаун тіркеліп, үшінші раундтағы соққыдан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Тайбеков айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Келесі қарсылас – Түрікменстан боксшысы

Осылайша, Тимур Тайбеков Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Ендігі қарсыласы – Түрікменстан құрамасының мүшесі Сапаргелді Нурягдыев.

Жарнама
Жарнама