Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сұлу боксшы рингке қашан оралады?

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 17:46

Кәсіпқой бокста 8 жеңіс (6 нокаут) тіркеген әрі елдегі ең сымбатты спортшы қыздардың бірі Балауса Мұздыманның келесі жекпе-жегі белгілі болды.

offside.kz
Реклама
Реклама

Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетеді

Балауса 5 қыркүйек күні Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл кешті әйгілі боксшы Әли Ахмедовтің промоушені ұйымдастырады. Жекпе-жекке қарсылас әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Соңғы жекпе-жек нокаутпен аяқталды 

Балауса Мұздыман соңғы рет 6 мамырда Алматыда жекпе-жек өткізіп, мысырлық Айя Рамаданды (4-1, 0 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген. Осы жеңістен кейін боксшы қыз жеңіл салмақта әлем чемпиондығы белбеуі үшін таласуға дайын екенін мәлімдеген.

“Мақсатым — әлем чемпионы атану. Жанкүйерлерімнің қолдауы – менің басты мотивациям”, — деді Мұздыман соңғы жекпе-жектен кейін.

Ахмедов кешінде тағы кімдер шығады?

Бұл бокс шоуы аясында Әли Ахмедовтің өзі де рингке шығуы мүмкін. Сонымен қатар, кеште бірқатар қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жекпе-жектері өтеді деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары