Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ боксшысы оңтүстіккореялық қарсыласын есеңгіретті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 15:16

Таиландта өтіп жатқан U19 және U22 жас аралығындағы алғашқы тарихи Азия чемпионатында Алина Құдайгенова жартылай финалға өтті.

Қазақ боксшысы оңтүстіккореялық қарсыласын есеңгіретті (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Жартылай финал — кемі қола жүлде

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Алина Оңтүстік Корея өкілі Джихье Хонмен жекпе-жек өткізді. Қайсар қарсылыққа қарамастан төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс Құдайгеноваға берілді.

Турнир ережесіне сәйкес, жартылай финалға өткен спортшылар автоматты түрде кемінде қола жүлдегер атанады. Осылайша Алина Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына кезекті медаль салды.

Қос ұйым арасындағы екі есе жетістік

Айта кетерлігі, Алина Құдайгенова биыл Коломбо қаласында (Шри-Ланка) өткен IBA және ASBC ұйымдастырған Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді. Енді ол World Boxing аясындағы жарыста да топ жаруға ұмтылып отыр.

Чемпионат қашан аяқталады?

U19 және U22 жас санатындағы бұл тарихи турнир 11 тамызға дейін жалғасады. Чемпионатқа 25 мемлекеттен мықты спортшылар қатысуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір