Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан жылдам нокаутпен Азия чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
06.08.2025, 10:24

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы финалисін анықтады. 60 келі салмақ дәрежесінде Нұрислам Қалдыбаев жартылай финалда қарсыласын кездесу басында-ақ нокаутпен тізе бүктірді. 

instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Бірінші раундта шешілген тағдыр

U22 санатындағы жарыстың жартылай финалында Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджимен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ Нұрислам қарсыласын нокдаунға жіберіп, төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл қазақстандық боксшының айқын басымдығының дәлелі болды.

Қалдыбаев — Азия чемпионы атағын қорғауға жақын

Айта кетейік, Нұрислам Қалдыбаев биыл мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен IBA және ASBC ұйымдастырған Азия чемпионатында да өнер көрсетіп, алтын медаль иеленген. Бұл жолғы турнирде де ол өз мықтылығын дәлелдеуге бір табан жақын.

Финал қашан өтеді?

Бангкоктағы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кездесулері 10-11 тамыз күндері өтеді. Осы сында Нұрислам Қалдыбаев алтын үшін кіммен айқасатыны алдағы уақытта белгілі болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары