Үнді фаворитін сүріндірген қазақ қызы Азия "алтынына" бір қадам жақын (ВИДЕО)
06.08.2025, 19:15
75 келі салмақта сынға түскен Шұғыла Нәлібай Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатының (U22) финалына жолдама алды.
instagram/@qaz_team_official
Үш раунд — бір жеңіс
Шұғыла жартылай финалда үндістандық боксшы Шрутимен жұдырықтасты. Жекпе-жек барлық үш раундқа созылып, соңында төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
Шұғыла Нәлібай — U22 санатында Азия чемпионатының финалына шыққан сегізінші қазақстандық боксшы. Бұған дейін финалға өткендер қатарында Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Санжарәлі Бегалиев, Темірлан Мұқатаев, Гүлназ Бөрібаева және Бақыт Сейдіш бар.
Финал 11 тамыз күні өтеді
U22 санатындағы шешуші жекпе-жектер 11 тамызда өтеді. Сол күні Шұғыла Нәлібай “алтын” үшін жұдырықтасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама