Реклама
Реклама

Ризабек Айтмұханның болашағына қатысты жаңалықтар белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
08.08.2025, 12:56

9 тамызда Ақтөбеде ірі халықаралық Wrestling Stars League 4 турнирі өтеді. 

NUR.KZ

Қазақстан құрамасы қатысады

Бұл додаға Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше балуаны қатысады. 97 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Ризабек Айтмұхан қорғайды.

Оның басты қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

Басқа салмақтардағы жекпе-жектер

79 келіде – Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсы тұрады.

65 келіде – Мейрамбек Қартбай Қырғызстан балуаны Нұрсадық Нұрдиновпен белдеседі.

Турнир кардында бұлардан бөлек тағы да бірқатар тартысты жекпе-жектер жоспарланған.Wrestling Stars League 4 – халықаралық деңгейдегі беделді турнир. Мұнда әлемнің мықты балуандары күш сынасады.

Реклама
Реклама