Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәнібек Әлімханұлы 3 чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке келісті

Сарапшы, спорт журналисі
14.08.2025, 17:31

Боксшының менеджері Карлос Адамеспен келіссөздердің барысы туралы айтып берді. 

Sportburo.kz
Реклама
Реклама

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен күш сынасуға дайын екенін растады. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Эгис Климас мәлімдеді.

Климастың мәлімдемесі

Климастың айтуынша, бірнеше айдан бері қос боксшының жекпе-жегі жайлы сөз болып келеді. Әлеуметтік желілерде екеуі бір-біріне ашық шақыру жасағанымен, нақты келіссөздер басталғанда Адамес келісуден бас тартқан.

“Бұрын чемпиондармен бәрі жұдырықтасқысы келетін. Қазір керісінше, ешкім тәуекел етпейді. Саудиялық инвестор Турки әл-Шейхтен түскен ұсынысты біз бірден қабылдап, қол қойып жібердік. Бірақ Адамес қаржылай шартқа көңілі толмай, бас тартты”, — деді Климас.

Боксшылардың жекпе-жектері 

  • Шілде 2025 — Жәнібек Әлімханұлы Адамеспен біріккен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.
  • Мамыр 2025 — Адамес WBC белбеуін босатып, салмақ дәрежесін ауыстыруды ойластырып жүргенін айтқан.
  • Ақпан 2025 — Адамес WBC титулын Хамза Ширазға қарсы қорғап, жекпе-жек тең аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Турки әл-Шейх те Адаместі келіссөздерді созып, кездесуді кейінге қалдыруға себепкер болды деп айыптаған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары