Қырғыз чемпионы Ақжол Махмұдов әлем чемпионатына қатыспайды

Сарапшы, спорт журналисі

Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының басты жұлдызы саналатын Ақжол Махмұдов биыл Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына бармайды. 

Қырғыз чемпионы Ақжол Махмұдов әлем чемпионатына қатыспайды
sportbugin.kz

Негізгі себеп

Ұлттық құраманың ақпаратына сүйенсек, Махмұдов толықтай бабына келе алмаған. Осыған байланысты оның орнына жарысқа Бекзат Орынқұлұлы қатысатын болды 

Ақжол Махмұдов — грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы. Сонымен қатар Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.

2024 жылы Париж Олимпиадасында ширек финалға дейін жеткен. Қазақстандық балуан Демеу Жадыраевтан жеңіліп, нәтижесінде қола медальға ие болды.

Лақап аты "Акула" 

Махмұдов жанкүйерлер арасында "Акула" деген лақап атымен кеңінен таныс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір