Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

GGG шаршы алаңға орала ма? Боксшыға жекпе-жек ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі
16.08.2025, 15:25

Бұл айқас рингке қайта оралатынын мәлімдеген Уорд үшін де, ұзақ жылдар бойы жанкүйерлер армандаған кездесу ретінде де тарихи оқиға болмақ.

Sportburo.kz
Реклама
Реклама

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KO) рингтегі соңғы жекпе-жегіне қатысты қызықты ақпарат пайда болды.

Қарсылас ретінде кім қарастырылып отыр?

2004 жылғы Олимпиада чемпионы, жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы WBA, WBC және The Ring белбеулерінің иегері америкалық Андре Уорд (32-0, 16 KO) боксқа қайта оралатынын мәлімдеді. Осыған байланысты беделді Sports Illustrated журналы Уорд үшін ықтимал үш қарсыласты атады. Соның ішінде бірінші нұсқа – Геннадий Головкин.

Журналдың жазуынша, бұл жекпе-жек көп жылдан бері жанкүйерлердің арманы. 2015 жылы келіссөздер жүріп, тараптар келісімге жақын қалғанымен, соңғы сәтте келісім жүзеге аспаған. Ол кезде GGG Давид Лемьеге қарсы титулдық жекпе-жекке дайындалып жүрген болатын.

GGG карьерасын қоштасу айқасымен аяқтай ма?

Қарағандылық боксшы 2022 жылдан бері рингке шыққан жоқ. Соңғы жекпе-жегінде ол Канело Альвареспен трилогияны өткізіп, жеңіліс тапқан еді. Енді 43 жастағы Головкин мансабын жеңіліспен емес, тарихи қоштасу айқасымен аяқтауы мүмкін.

Sports Illustrated жазуынша, егер GGG мен Уордтың жекпе-жегі ұйымдастырылса, ол Майк Тайсон мен Рой Джонстың шоу-айқасына ұқсас ерекше оқиға болмақ.

Уордтың басқа қарсыластары кім?

Журнал Андре Уорд үшін тағы екі үміткерді атады:

  • 43 жастағы британдық боксшы Тони Белью (30-3-1, 20 KO);
  • блогер әрі боксшы Джейк Пол (12-1, 7 KO).

Уорд пен Головкин арасындағы ескі дау

Айта кетейік, өз уақытында Андре Уорд бірнеше рет Головкинді "менен қашты" деп ашық сынға алған. Егер екі даңқты спортшы рингте кездессе, көптен бері айтылып жүрген бұл даудың нүктесі қойылар еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары