Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құрамаға оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі
16.08.2025, 18:20

Боксшы кәсіби мансабын жалғастыруды ойластырып жүр. 

Penalty.kz
Penalty.kz

Қазақстандық белгілі боксшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев қайтадан ұлттық құраманың намысын қорғауы ықтимал.

Боксшы Аслан Қаженовке берген сұхбатында қазіргі жағдайын айтты:

«Қызылордада бір айдан аса уақыт жаттығып жүрмін. Кәсіпқой бокстан ұсыныстар бар, соны қарастырып жатырмын. Бірақ егер ұлттық құрамаға қажет болып жатсам, оралуға дайынмын. Әсіресе «керек болып жатсам» дегенге мән бердім. Өйткені жастар келіп жатыр, буын алмасу кезеңі жүріп жатыр. Солардың жолын бөгегім келмейді», – деді Қоңқабаев.

Сонымен қатар ол 90 келіде де, 90 келіден жоғары салмақта да жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.

Бұрын не айтылған еді?

Жыл басында ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттық мансабы аяқталғанын мәлімдеген болатын.

Алайда қазіргі мәлімдеме оның қайта оралуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Қоңқабаевтың жетістіктері

  • Олимпиада: Токио-2020 қола жүлдегері;
  • Әлем чемпионаты: 2 дүркін күміс жүлдегер (2017, 2019);
  • Азия чемпионаты: 3 дүркін күміс жүлдегер (2017, 2019, 2021).
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір