Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бокстан ұлттық құрама бапкері ауысуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
17.08.2025, 17:18

Қайрат Сәтжановтың орнына Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келуі ықтимал.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жақын арада орнын босатуы ықтимал. Offside.kz хабарлауынша, Туризм және спорт министрлігінде ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамын алмастыру мәселесі қаралып жатыр.

Сәтжанов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құраманы басқаруға келген болатын. Оның қол астында команда 2024 жылғы Азия чемпионатында, «Странджа» кубогында, Thailand Open турнирінде жақсы өнер көрсетіп, елордада өткен Әлем кубогында жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дегенмен, оның құрамада жеке шәкірттері жоқ екені жиі айтылып келеді.

Бақыт Сәрсекбаевтың кандидатурасы

Sportarena.kz дерегінше, министр Ербол Мырзабосынов құраманың тізгінін 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевқа беруді жоспарлап отыр. Тіпті, бұл өзгеріс құрама нәтижелеріне қарамастан жүзеге асуы ықтимал екені айтылуда.

Жас құрамамен жетістігі

Бақыт Сәрсекбаев 2025 жылы резервті құрама мен жастар командасын (U-22) жаттықтыруға тағайындалды. Оның шәкірттері Бангкокта өткен Азия чемпионатында үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары