
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC-дің әйгілі шоуы The Ultimate Fighter (TUF) финалына шығып, тарихқа енді. Ол осы турнирдің шешуші жекпе-жегінде америкалық Джозеф Моралеске тұншықтыру әдісінен кейін есе жіберді.
Қазақстандағы ең ірі ММА ұйымдарының бірі Naiza Fighting Championship промоутері Нұрбек Қарабала Әлібиді қолдап, Instagram парақшасында жылы лебізін білдірді:
“Егер бес жыл бұрын сені аялдамада алғаш рет кездестіргенде, бүгін финалда жеңіліс табатыныңды білсем де мен таңдауымды өзгертпес едім. Сен бізге сонша эмоция сыйладың – әрі Naiza-да, әрі бүгінгі жекпе-жекте. Иә, біз жеңілдік. Бірақ қазір бұрынғыдан да сенімдімін: бұл сені тек мықты етеді. Қолыңды көтер, бауырым, айқас жалғасуда!” – деді Қарабала.