Ирландияның кәсіпқой боксшысы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) орта салмақта IBF және WBO белбеулерінің иегері, қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) ресми түрде шақыру тастады.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Сауд Арабиясы Көңіл көтеру ісі жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл әш-Шейхке үндеу жасап, орта салмақтағы төрт негізгі белбеуді біріккен турнирде сарапқа салуды ұсынған.
Осы бастамаға үн қосқан Маккенна қазақстандықты және Әл әш-Шейхті белгілеп, жекпе-жекке дайын екенін жеткізді.
“Барлығы қорқып қашып жүр. Мен осы түтіннің бәрін қабылдаймын. Кеттік!”, – деп мәлімдеді Әлімханұлы.
Абсолютті чемпион атану үшін Жәнібекке тағы екі белбеу қажет:
Қазір қазақ боксшысы әлемдік аренадағы басты фавориттердің бірі саналады.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада рингке шығып, бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутқа түсірген еді.