Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ливерпульдегі әлем чемпионатына кімдер барады? Ұлттық құрама мүшелерінің тізімі бекітілді

Сарапшы, спорт журналисі
18.08.2025, 18:35

Қазақстан ұлттық құрамасы ішкі іріктеу бәсекелерін өткізіп, Ливерпульде өтетін World Boxing әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды жасақтады.

sportilinet.kz
sportilinet.kz

60 келі салмақтағы шешуші тартыс

60 келіге дейінгі салмақта негізгі бәсеке Серік Теміржанов пен Бейбарыс Жексен арасында өтті.

Былтыр жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында таңдау Жексенге түскен еді. Бірақ ол ширек финалда өзбек боксшысы Акмал Убайдовтан ұтылып, күтпеген жерден жарыстан шығып қалды.

Биылғы іріктеуде Жексен толық реванш алып, Теміржановты 5:0 есебімен таза жеңді. Осылайша ол әлем чемпионатына жолдамаға ие болды.

65 келідегі бәсеке

65 келіде жолдама үшін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов айқасты.

Бұған дейін Базарбайұлы салмақ дәрежесіндегі көшбасшы саналса да, соңғы кездесу­лерде Зейнуллиновқа екі рет есе жіберген болатын.

World Boxing Кубогының қазақстандық кезеңінде дәл Зейнуллинов ел намысын қорғап, жартылай финалға дейін жеткен еді. Ол тек үндістандық Абхинаш Джамвалға тартысты жекпе-жекте (бөліне шешіммен) жол берген.

Ішкі іріктеудің шешуші жекпе-жегінде Зейнуллинов тағы да мықтылығын дәлелдеп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ерлер құрамасы

50 кг: Санжар Тәшкенбай;
55 кг: Μахмұт Сабырхан;
60 кг: Бейбарыс Жексен;
65 кг: Ертуған Зейнуллинов;
70 кг: Төрехан Сабырхан;
75 кг: Сабыржан Ақхалыков;
80 кг: Нұрбек Оралбай;
85 кг: Бекзат Нұрдаулетов;
90 кг: Сағындық Тоғамбай;
+90 кг: Айбек Оралбай. 

Әйелдер құрамасы

48 кг: Назым Қызайбай;
51 кг: Алуа Балқыбекова;
54 кг: Элина Базарова;
57 кг: Карина Ибрагимова;
60 кг: Виктория Графеева;
65 кг: Аида Әбікеева;
70 кг: Наталья Богданова;
75 кг: Надежда Рябец;
80 кг: Гүлсая Ержан;
+80 кг: Елдана Тәліпова.

Ливерпульге дайындық

Осылайша Қазақстан құрамасы қыркүйекте Ливерпульде өтетін World Boxing әлем чемпионатына қатысатын алғашқы боксшыларын анықтады. Құрамадағы соңғы тізім біртіндеп жасақталып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір