Жеңілмеген ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Ирландияның кәсіпқой боксшысы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) орта салмақта IBF және WBO белбеулерінің иегері, қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) ресми түрде шақыру тастады.
Әлімханұлының мақсаты абсолютті чемпион атану
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Сауд Арабиясы Көңіл көтеру ісі жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл әш-Шейхке үндеу жасап, орта салмақтағы төрт негізгі белбеуді біріккен турнирде сарапқа салуды ұсынған.
Осы бастамаға үн қосқан Маккенна қазақстандықты және Әл әш-Шейхті белгілеп, жекпе-жекке дайын екенін жеткізді.
“Барлығы қорқып қашып жүр. Мен осы түтіннің бәрін қабылдаймын. Кеттік!”, – деп мәлімдеді Әлімханұлы.
Әлемдік белбеулерге кім ие?
Абсолютті чемпион атану үшін Жәнібекке тағы екі белбеу қажет:
- WBC чемпионы – доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО)
- WBA чемпионы – кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО)
Қазір қазақ боксшысы әлемдік аренадағы басты фавориттердің бірі саналады.
Соңғы жекпе-жегі
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада рингке шығып, бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутқа түсірген еді.