Олимпиаданың қос қола жүлдегері Иван Дычко кезекті жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Оның айқасы 13 қыркүйекте Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жектің андеркартына енгізілді.
Иван Дычко бұл жолы АҚШ-тың тәжірибелі боксшысы Джермейн Франклин-кішімен қолғап түйістіреді. Қарсыласының кәсіби рекорды өте салмақты – 23 жеңіс және небәрі 2 жеңіліс. Бұл айқас Дычко үшін жаңа деңгейге шығудың маңызды қадамы болмақ.
Қазақстандық алып шілде айында-ақ рингке оралып, сенсациялық жеңіске жеткен. Ол америкалық Самуэль Кроссты алғашқы раундта-ақ сұлатып салды. Енді Дычко қысқа мерзім ішінде қайтадан шаршы алаңға шығып отыр.
Иван Дычко – әуесқой бокс әлемінде үлкен із қалдырған спортшы. Ол Токио мен Рио Олимпиадаларында қола медаль иеленген. Ең қызығы, оның ең басты қарсыласы — өзбек алыбы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов үш мәрте Иваннан жеңілген. Сол үшін Дычконы халықаралық аренада "Далоловтың қорқынышы" деп атайтын.