Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Иман Хелиф Олимпиада жанжалынан кейін бокстан кетіп қалды

Сарапшы, спорт журналисі
20.08.2025, 19:03

Алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасындағы даулы жеңісінен кейін рингке қайта шықпады. Бұл ақпаратты бұрынғы бапкері әрі менеджері Нассер Йефсах растады.

oxu.az
Реклама
Реклама

Олимпиададағы жеңіс пен жанжал

2024 жылғы Олимпиада ойындарында Хелиф 66 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде иеленді. Бірақ турнир барысында 2023 жылы әлем чемпионатынан гендерлік тесттен өте алмағаны үшін шеттетілгені белгілі болды. Тест оның биологиялық тұрғыдан ер адам екенін көрсеткен.

Ойындардан кейін Иман кәсіпқой боксқа өтетінін жариялап, Франциядағы Nice Azur Boxe клубынан кеткен еді.

Кәсіпқой мансапқа көшу жүзеге аспады

Йефсахтың айтуынша, клуб Хелифке кәсіби келісімшарт ұсына алмады. Себебі қаржы жеткіліксіз болған. Оның Сингапурда бір ғана жекпе-жегі өтті. Бастапқыда бес кездесу жоспарланғанымен бұл орындалмады.

"Иман тек Ниццаны емес, жалпы боксты да тастады. Қазір ол рингке шықпайды, тек Алжирде немесе Катардың ұлттық орталығында жаттығулар жасайды. Негізінен демеушілік келісімдердің арқасында саяхаттап жүр. Бірақ кәсіби мансапқа оралуы екіталай, өйткені ондай жағдайда ол тағы да гендерлік тесттен өтуге тиіс болады", — деді Йефсах Nice Matin басылымына.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары