Ақтөбедегі бокс кешінде көпшілік күтпеген болды. Бар болғаны 84-секундта аяқталған жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (17-1, 6 КО) чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Нұртас Әжбенов пен Қанат Өзбекбаев (8-3, 7 КО) жеңіл салмақта жұдырықтасты. Басты сыйлық — Қазақстан Кәсіпқой Бокс Комиссиясының чемпиондық белбеуі болатын.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундтың алғашқы минутында-ақ шешіліп қойды. Әжбенов қарсыласын жойқын соққымен құлатып, техникалық нокаутпен жеңісті өз пайдасына жазды.
Бұл Нұртас Әжбеновке кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісін әкелді. Сонымен қатар ол чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал Қанат Өзбекбаев үшін бұл жекпе-жек үшінші жеңіліс болды.
Айта кету керек, Нұртас Әжбенов сонымен қатар WBC Asian Continental чемпионы атағына да ие. Бұл оның халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр.