ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Бокстағы Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі екі нокдаун және нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Жасұлан Тілеуімбек кәсіби рингтегі тұсаукесерін сәтті өткізді.

Бокстағы Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі екі нокдаун және нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
instagram/@zhassulantileumbek

20 жастағы қазақстандық боксшы Тараздағы кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы өзбекстандық Асадбек Хусанбоев (1-0, 1 КО) болды.

Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта жоспарланған алты раундқа созылуы тиіс еді. Алайда 2-раундта төреші екі рет Хусанбоевқа нокдаун санады. 3-раундта өзбекстандық боксшының бұрышы ақ орамалды рингке тастап, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша жекпе-жек Тілеуімбектің техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.