Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай кімнен "қорқады?" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.08.2025, 23:30

Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова журналист рөлін ойнап, Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен қызықты сұхбат жүргізді. Бұл ерекше сәт спорт жанкүйерлерінің назарын аударды.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

Қызайбайдың жауабы жанкүйерлерді күлдірді

Әңгіме барысында үш дүркін әлем чемпионы әрі ұлттық құраманың капитаны Назым Қызайбайға сұрақ қойылды:

"Кіммен спаррингке шыққың келмейді және кімнің соққысы ең ауыр?" 

Назымның жауабы көпшілікті езу тартқызды:

"Ең ауыр соққы сенде. Шынымды айтсам, Алуаның соққысы өте мықты. Сырттай нәзік көрінгенімен, соққысы қамшыдай қатты", — деді ол.

Ұлттық құраманың дайындық кезеңі

Қазір Қазақстан әйелдер құрамасы бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен Англияның Шеффилд қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Ал 4 қыркүйек күні команда тарихта алғаш рет өтетін World Boxing әлем чемпионатында (Ливерпуль, Англия) медаль үшін бақ сынайды.

Қазақстан боксы үшін маңызы

Бұл чемпионат – қазақ боксшы қыздары үшін жаңа белес. Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай секілді тәжірибелі спортшылардың қатардағы әзілдері де команданың ішкі атмосферасының жеңіл әрі позитивті екенін көрсетті. Бұл фактор алдағы жарыста олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал етуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары