Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов ӘЧ жолдамасы үшін спарринг өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:50

Қазақстандық боксшылар Төрехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов Ливерпульде өтетін әлем чемпионаты алдында дайындық спаррингіне шықты.

sports.kz
Реклама
Реклама

Спаррингтің видеосы жарияланды

Әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының 70 келіге дейінгі салмақтағы екі көшбасшысы Сабырхан мен Жүсіповтің кездесуі көрсетілген бейнеролик тарады. Бұл кадрлар құраманың әлем чемпионатына қатысатын түпкілікті тізімі жарияланбай тұрып түсірілген.

Жүсіповке сын, Сабырханға мүмкіндік

Астанада өткен World Boxing кубогында Абылайхан Жүсіпов күтпеген жерден алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Осыдан кейін жанкүйерлер ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысына сын айтып, оның орнына жас әрі қарқынды Төрехан Сабырханды әлем чемпионатына жіберуді талап етті.

Нәтижесінде бапкерлер шешімі бойынша Ливерпульдегі әлем чемпионатының жолдамасы Сабырханға бұйырды. Жүсіпов болса, финалдық құрамға іліге алмай қалды. 

Айта кетейік, World Boxing ұйымы тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты 2025 жылдың 4–14 қыркүйегі аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан бірнеше жас боксшы қатысып, жүлде үшін таласады деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары