Әлемдік әуесқой бокс тарихындағы техникасы ең мықтылардың бірі саналатын Марио Кинделан Қазақстанға арнайы ат басын бұрды. Ол Қарағандыға Е.Бөкетов атындағы университет шақыруымен студенттерге дәріс оқып, жаттығу жүргізіп жатыр.
Келісімшарт әзірге бір айға жасалған. Осы уақыт аралығында Кинделан мастер-класстар өткізеді. Конференцияларға қатысып, жас спортшылармен тәжірибе бөліседі. Болашақта Қазақстанда ұзақ қалу мүмкіндігі оқу орнының ұсынысы мен студенттердің қызығушылығына байланысты болмақ.
Марио Кинделан өз әсерін бөлісіп, қазақ халқының қонақжайлығын ерекше атап өтті:
«Маған мұнда болған ұнайды. Адамдар өте мейірімді әрі білімді. Мұнда Кубаны құрметтейді», — деді ол.
Олимпиада чемпионы Қазақстандағы спортқа деген ықылас пен бокс ардагерлеріне көрсетілетін құрметтің жоғары екенін айтты. Әсіресе жастардың қызығушылығы мен академиялық ортадағы спорттық білім деңгейіне риза болғанын жеткізді.
Кинделанның спорттық жолы ерекше жетістіктерге толы:
Ол тарихтағы техникасы ең дамыған әуесқой боксшылардың бірі саналады.
Кинделан үшін Қазақстан бөтен емес. Себебі мансабында алтын ала алмаған жарысы Астанадағы әлем кубогы болған. Сол турнирде ол қазақстандық Руслан Мусиновтан жеңіліп қалған. Бұл оқиға әлі күнге дейін жанкүйерлер жадында.
Енді аңыз боксшы Қазақстанға қайта оралып, жаттықтырушы әрі тәлімгер рөлінде еңбек етуде. Бұл қадам қазақстандық жас боксшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ.