Қырғызстандық файтер қарсыласын 33-секундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
28.09.2025, 21:46
Жапонияның Нагоя қаласында өткен Rizin 51 турнирінде Ресей спортшысы Виктор Колесник (26-4-1) күтпеген жеңіліске ұшырады.
instagram/@thomi40_sports
Титулдық жекпе-жекте Колесник жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін еш жеңілмеген қырғызстандық файтер Ражабали Шайдуллаевпен (15-0) кездесті.
Бес минуттық раундтардың орнына айқас небәрі 33 секундта аяқталды. Шайдуллаевтың жойқын соққысы қарсыласын нокаутқа жіберді.
Ражабали Шайдуллаев мансабындағы 16-шы жеңісін тіркеді, әрі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал Виктор Колесник кәсіби мансабындағы 5-ші жеңілісіне тап болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама