Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бақыт Сәрсекбаев: «Бокстағы әділетсіздікке төзуге болмайды – нақты реформа қажет»

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:45

Бейжің Олимпиадасының чемпионы, 22 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев халықаралық бокстағы IBA мен World Boxing арасындағы текетіреске қатысты өз пікірін білдірді.

instagram/@b.sarsekbayev
Реклама
Реклама

«World Boxing әділеттіліктің кепілі бола алмады»

Сәрсекбаевтың айтуынша, көптеген елдің IBA-дан кетіп, World Boxing-ке қосылуы төрешілердің әділетсіз шешімдеріне қарсы наразылықтан туындаған. Алайда ол жаңа ұйымнан түбегейлі өзгеріс көрмей отырғанын ашық айтты.

«Біз бәріміз IBA-дан әділетсіз төрелікке қарсы шықтық. Ал World Boxing не өзгертті? Төрешілер сол баяғы, жүйе де сол қалпы. Егер төрелікті түземесе, француздар айтпақшы, “тек төсек орнын ауыстырғанмен бордель сол күйі қалады” дегендей боламыз», — деді ол.

«Бұрынғы ұпай жүйесін қайтару керек»

Олимпиада чемпионының айтуынша, әділ төреліктің басты тетігі — ескі ұпай жүйесін қайта енгізу. Сол кезде әр соққы нақты есептеліп, субъективті шешім аз болатын.

«Бұрын бәрі анық еді: соққы тиді — ұпай жазылды. Ал қазір бәрі төрешінің көңіліне қарай. Біріне 9, екіншісіне 10 береді. “Неге?” десең, “маған сол ұнады” дейді. Бұл — әділдік емес», — дейді бапкер.

Головкиннен үміт

Бақыт Сәрсекбаев World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер Геннадий Головкиннен көп үміт күтетінін айтты.

«Егер Гена бұрынғы ұпай жүйесін қайта әкелсе, бүкіл әлем боксшыларының алғысына бөленеді. Сол әділ жүйені жаңғыртса — бокс қайта жанданады», — деді ол.

«Қазақ төрешілеріне сенім аз»

Сондай-ақ бапкер төрешілердің кәсіби деңгейі мен беделін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Қазақстанда үш жұлдызды 50-ге жуық төреші бар. Бірақ неге оларды Ливерпуль мен Әлем кубогы секілді ірі жарыстарға шақырмайды? Бізге сенім жоқ па, әлде беделіміз жетпей ме?» — деп сұрақ қойды ол.

«Боксшылар зардап шекпеуі керек»

Сәрсекбаевтың пікірінше, ұйымдар арасындағы күресте ең бастысы — спортшылардың мүддесі мен қауіпсіздігі.

«IBA мен World Boxing өзара тартыса берсін, бірақ сол соғыстың ортасында қарапайым боксшылар жапа шекпеуі тиіс», — деді Олимпиада чемпионы.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары