Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандағы танымал ММА жауынгері Қуат “Найман” Хамитов өз парақшасында қызықты ақпарат қалдырды.

Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды
Фото: Хамитовтың инстаграм парақшасынан

Онда қазақ файтері еліміздегі ең танымал Поп-ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтарды бокстан жекпе-жекке шақырды:

"Мен қазақ промоутерлерінің Қазақстанда турнирлер ұйымдастырып жатқанынан қатты көңілім қалды! Қандай емізік, нақты масштаб қайда? Бұл жалған шоулардың барлығы жалпы түсініктен тыс… Жылдың соңындағы нақты жекпе-жек-бұл Қуат Хамитов Vs Еркебұлан Тоқтар. Қазақстандық бокс индустриясында бұдан артық есімдер жоқ!”, – деді Қуат Хамитов.

Бұл жазбаға Еркебұлан Тоқтарда өз пікірін білдіріп, Хамитовты жеңетініне сенімділік білдірді:

“Мен кешірім сұраймын әрине, бірақ, бокстан ұрып жіберем братан”, – деп жазды Еркебұлан.

Айта кететін жәйт, Қуат Хамитов әзірге кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізді. Былтыр күзде төрешілердің шешімімен “Найман” Нұрберген Шәріповты жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір