Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов UFC чемпионына үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:43

Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмағындағы чемпион Джек Делла Маддаленаның мәлімдемесіне жауап берді.

©X/La Sueur
Реклама
Реклама

Бұған дейін Маддалена «Номадтың» ұзақ үзіліс алуына байланысты бірінші нөмірлі үміткер мәртебесінен айырылды деген еді.

«Нақты айту қиын, бірақ дивизион алға озып кетті деп ойлаймын. Белсенді болмасаң — тізімнен түсесің. Шон Брэди өте белсенді, Иэн Гэрри де жиі жұдырықтасады. Бұл жігіттер тоқтамайды. Басқалары үнемі октагонға шығып жатқанда Шавкаттың көш басында қалуы қиын. Белсенділік — шешуші фактор. Ұзақ уақыт шетте қалсаң, артта қаласың. Бұл оңай мәселе емес, бірақ маған UFC кімнің атын айтса — сонымен айқасам», — деді чемпион MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.

Шавкат Рахмонов бұл сөздерді елеусіз қалдырмай, X желісінде (бұрынғы Twitter) өз реакциясын жариялады:

«Сенің титулдық мүмкіндікке ие болуыңның жалғыз себебі — менің жарақатым. Бұны ұмытып қалғаның қызық екен. Өзің де оған дейін шамамен 14 ай белсенді болған жоқсың», — деп жауап берді қазақстандық файтер.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы өткізіп, кейін Белал Мухаммадпен титулдық кездесуке шығуы тиіс еді. Алайда алған ауыр жарақаты оны ұзақ уақытқа октагоннан тыс қалдырды. Соның нәтижесінде Мухаммад Маддаленамен айқасып, сенсациялық жеңілістің кұрбаны болды.

Ал 16 қараша таңында (Астана уақытымен) Джек Делла Маддалена UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Ислам Махачевке қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары