UFC-дің ресми сайты 2026 жылға арналған ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша алдын ала шолуында қазақстандық үміткер Асу Алмабаевтың қазіргі орнына баға берді.
Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. UFC.com өз материалында қазақстандық файтерді «назар аударуға тұрарлық спортшылардың» қатарына қосты.
UFC мәліметінше, қазіргі чемпион Джошуа Ванға басты үміткерлер ретінде рейтингтің алғашқы үштігінде тұрған файтерлер аталды. Олар:
Материалда чемпиондық үштіктен тыс аймақта бәсеке өте тығыз екені атап өтілген. Брэндон Морено мен Брэндон Ройвал соңғы жылдары элиталық қарсыластармен жұдырықтасқанымен, соңғы жеңілістер олардың титулға қайта жол табуын қиындатқан.
Ал Асу Алмабаев Манель Капеден жеңілгеннен кейін қайта серпіліп, 2025 жылы екі жеңіске қол жеткізді. UFC болжамынша, 2026 жылдың басында ол «негізгі үміткерлер тобынан тыс тұрған файтерлер» арасында өз мүмкіндігін алуы тиіс.
Сонымен қатар, Амир Альбази 2023 жылдың маусымынан бергі алғашқы жеңісіне жетуді көздеп отыр. Ол Катарда Тагир Уланбековты сабмишенмен жеңіп, октагонға жарқын оралған Кёдзи Хоригутимен жекпе-жек өткізеді. UFC пікірінше, бұл кездесудің жеңімпазы 2026 жылдың екінші жартысында титулдық айқасқа жақындай түсуі мүмкін.
Айта кетейік, 28 ақпанда Мехико қаласында (Мексика) Асу Алмабаев жергілікті файтер Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек алдында Мексикада Асу Алмабаевтың мансабына баға берілген еді.