Реклама
Реклама

Boxam Elite-2026: бүгін рингте ел намысын кімдер қорғамақ?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:06

Бүгін шаршы алаңда еліміздің намысын Санжар Тәшкенбай, ағайынды Сабырхандар және тағы басқа боксшылар қорғамақ.

Ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі ірі бокс турнирі — Boxam Elite жарысы жалғасуда. Бұл бәсекеге Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысып жатыр.

4 ақпанда елдің негізгі құрамасынан бірден бірнеше боксшы рингке шығады. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд және Төрехан Сабырхан, Нұрбек Оралбай. Жекпе-жектер Астана уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей трансляцияны осы жаңалықтың төменгі бөлігінен көруге болады.

Турнирдің екінші күнінде қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер тізімі төмендегідей:

А рингі

  • Әйелдер. 70 кг. Азиза Исина — Арундати Чоудари (Үндістан);
  • Ерлер. 50 кг. Санжар Тәшкенбай — Риши Сингх (Үндістан);
  • Ерлер. 55 кг. Махмұд Сабырхан — Изайя Гоше (Франция);
  • Ерлер. 70 кг. Төрехан Сабырхан — Коутс Маюм (Дания);
  • Ерлер. 85 кг. Нұрбек Оралбай — Данило Жасан (Украина);
  • Ерлер. 90 кг. Оңталап Рахманов — Леон Кермас (Эстония).

B рингі

  • Әйелдер. 51 кг. Рахмина Әбдумажитова — Ноэлия Гутьеррес (Испания);
  • Ерлер. 50 кг. Нұрзат Оңғаров — Исайя Рок (Канада);
  • Ерлер. 55 кг. Бексұлтан Боранбек — Аарон Эндрю Каллем (Шотландия);
  • Ерлер. 70 кг. Нұрбек Мұрсал — Бозорбой Матяқұбов (Украина);
  • Ерлер. 80 кг. Ерасыл Жақпеков — Анкуш (Үндістан);
  • Ерлер. 80 кг. Азамат Бектас — Умар Каркамо (Канада).

Boxam Elite–2026 турнирі 7 ақпанға дейін жалғасады. Бұған дейін Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасынан алты боксшы алғашқы жекпе-жектерінен кейін жарысты аяқтаған болатын.

Тікелей эфирді осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

Реклама
Реклама