Допинг дауы: WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Ұйымның жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Бірақ отандасымыз іске қатысты тергеу аяқталғанға дейін жекпе-жек өткізе алмайды. 

Допинг дауы: WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады
KAZ.NUR.KZ

WBO допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешімін жариялады. Қазақстандық боксшы тыйым салынған затқа қатысты кикілжіңге қарамастан орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды.

Допинг дауының мән-жайы

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы тапсырған допинг-сынамадан мельдоний препараты анықталды. 2026 жылдың қаңтарында ашылған B сынамасы да мұны растады. 

Соған қарамастан, WBO ұйымы қазақстандық боксшының мәртебесін әзірге өзгерткен жоқ. Ұйымның жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы ретінде көрсетіліп отыр.

Айта кету керек, қазіргі уақытта ресми тәртіптік жаза туралы ешқандай хабарлама жарияланған жоқ. Белгілісі — тергеу аяқталғанға дейін боксшы жекпе-жектерден уақытша шеттетілген.

Қазақстандық боксшылар рейтингі

WBO рейтингінде өзге қазақстандық боксшылардың да позициялары өзгеріссіз қалды:

  • Әли Ахмедов — екінші орта салмақта 15-орын,
  • Сұлтан Зәуірбек — екінші жеңіл салмақта 14-орын.

Жәнібек Әлімханұлына қатысты түпкілікті шешім тергеу нәтижесінен кейін қабылданады. Ал әзірге "Қазақ стилі" әлем чемпионы атағын сақтап отыр және WBO рейтингінде өзгеріс жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір