Реклама
Реклама

Төрехан Сабырхан даниялық боксшыға шеберлік сабағын өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
04.02.2026, 23:40

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде екінші жекпе-жегін өткізді.

фото ашық дереккөздерден алынды

70 кг салмақтағы айқас қалай өтті?

Бұл жолы Төрехан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде даниялық Кук Майуммен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласынан басым көрініп, кездесудің жалпы қарқынын өз бақылауында ұстады.

Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан Төреханның пайдасына шешім шығарды. 

Төрехан Сабырхан туралы қысқаша

Айта кетейік, 19 жастағы Төрехан Сабырхан өткен жылы Ливерпульде World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы әлем чемпионатында топ жарды.

Boxam Elite-2026 жарысы 3–8 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер санатында да бақ сынап жатыр.

Реклама
Реклама