Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновты UFC-ден шығарып жіберді ме? Бапкері жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:31

Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық ММА жауынгері тізе жарақатының рецидивіне байланысты октагонға тағы 9-10 ай шыға алмайтыны белгілі болды.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров UFC рейтингінен Шавкат Рахмоновтың алынуына қатысты пікір білдірген Қуат Хамитовтың сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Betonmobile.

Бұған дейін Хамитов Шавкатты UFC рейтингінен алып тастауды оның ұйымнан шығарылуымен байланыстырған болатын. Ол мысал ретінде Хабиб Нурмагомедовтың екі жыл бойы жекпе-жек өткізбесе де, UFC рейтингтерінен алынбағанын келтірді.

"Шавкатты тек рейтингтен алып тастады. Бізде оны UFC-ден шығарды деген ақпарат жоқ. Ол UFC ростерінде бар. Оны жұмыстан шығарған жоқ, тек рейтингтен уақытша алып тастады. Ең жақсысына үміттенеміз және оның тезірек қалпына келгенін қалаймыз. Ал ары қарай жағдайды көре жатармыз. Жақын арада қандай да бір ақпарат пайда болуы мүмкін", — деді Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінен оның тағы да шамамен он айға жекпе-жектен тыс қалатыны белгілі болғаннан кейін бірден алынып тасталды. Күтіліп отырған оралу сәтінде оның үзілісі шамамен екі жылға созылады. Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама