Ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан ширек финалға жолдама алды. Нұрбек Оралбай жартылай финалда.
4 ақпан күні Испанияның Ла-Нусия қаласында халықаралық Boxam Elite-2026 бокс турнирінің екінші жарыс күні өтті. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының мүшелері шаршы алаңға шығып, мықтылығын көрсетуге тырысты.
Турнирдің екінші күнінде Қазақстан құрамасының бірқатар боксшысы сәтті өнер көрсетті. Негізгі құрам өкілдері, ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан ширек финалға жолдама алды.
Сонымен қатар, Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров, Нұрбек Оралбай — жартылай финалға шықты.
Ал Нұрбек Мұрсал келесі кезеңге жекпе-жексіз өтті. Оның қарсыласы, Украина өкілі Бозорбой Матякубов турнирден бас тартты.
Екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы бірнеше боксшысынан айырылды. 4 ақпанда жүлде үшін күресті:
Әйелдер:
Ерлер:
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 7 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы алдағы күндері де жүлделер үшін күресін жалғастырады.