"Ақтөбенің" жаңа маусым алдындағы трансферлік жоспары белгілі

Сарапшы, спорт журналисі

Жаңа ақпарат бойынша, клубқа әлі бірнеше легионердің келуі күтілуде.

"Ақтөбенің" жаңа маусым алдындағы трансферлік жоспары белгілі
Луиш Нани. Фото: "Ақтөбе" ФК

Алдағы маусым қарсаңында "Ақтөбенің" ықтимал жаңа трансферлеріне қатысты тың деректер белгілі болды. Бұл туралы "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы хабарлады.

Нани жақын күндері команда сапына қосылады

Дереккөздің мәліметінше, Нани команда орналасқан жерге шамамен 6–7 күндері келуі тиіс. Осы уақыт аралығында "Ақтөбемен" келісімшартқа қол қойған Пабло Альварес те қосылады. Ақпарат дереккөзі бұл футболшыны жақсы бағалап отыр.

Сонымен қатар Рабиу клубтан кетеді. Ал Бадр Гаддаринге қатысты жағдай күрделі: футболшымен қоштасу ықтималдығы жоғары, себебі оның позициясына басқа ойыншы қарастырылып жатыр.

Бұдан бөлек, ақтөбеліктер донецкілік "Шахтердің" түлегі Дмитрий Топаловты қатарға қосуды жоспарлап отыр. Ал Дуглас Костаның мүмкін трансфері бойынша әзірге нақты расталған ақпарат жоқ.

"Ақтөбе" жайлы

Еске сала кетейік, өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында "Ақтөбе" турнирлік кестеде бесінші орын алды. Жуырда клубтың жаңа иесі ретінде кәсіпкер Нұрлан Артықбаев тағайындалды. Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы 228 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазіргі трансферлік кезеңде "Ақтөбе" КПЛ-дегі ең басты ньюсмейкерге айналып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір