БАҚ беттерінде Чемпион лигасының екі дүркін чемпионы Қазақстан Премьер-лигасына ауысады деген ақпар тараған болатын. Тіпті "Ақтөбенің" шорт-парағында бар екені де айтылған болатын.
Еуропаның ең беделді турнирлерінің бірін екі рет жеңіп алған жұлдыз футболшы Хамес Родригес Қазақстан Премьер-лигасы клубтарына ауысуы мүмкін. Бірақ бір мәселе бар – қаржылық талаптың тым жоғары болуы.
Meczyki басылымы келтірген мәлімет бойынша колумбиялық жартылай қорғаушы Қазақстан және Польша клубтарымен келіссөздер барысында жылына шамамен 1,2 миллион еуро (салыққа дейін) көлемінде жалақы сұраған. Бұл сома Польша чемпионатындағы жетекші ойыншылардың бірі — Анди Зекиридің табыс деңгейімен шамалас. Сондықтан польшалық клубтар бұл трансферден бас тартқан.
Салыстырмалыс түрде айтар болсақ, "Ақтөбеге" келген Нани жылына шамамен 840 мың доллар табады. Ал "Қайсарға" қосылған Виктор Мозестің жалақысы 200 мың доллар шамасында. Бұған дейін бразилиялық жұлдыз Халктың да "Ақтөбеден" жылына 2 миллион еуро талап еткені хабарланған еді.
Хамес Родригес — мадридтік "Реал" сапында 2015/16 және 2016/17 маусымдарында УЕФА Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған футболшы. Сондай-ақ ол әр жылдары:
Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары "Ақтөбе" клубының Хамес Родригеске қызығушылық танытқанын жазған еді. Трансферлік жоспарда швейцариялық Джердан Шакири мен бразилиялық Халктың бары айтылды.