Халықаралық турнир аясындағы айқастар Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді.
Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық бокс турнирінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Бүгін 13 боксшы шаршы алаңға шығады.
5 ақпан күні Қазақстан атынан 13 боксшы рингке шығады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді. Айқастардың басталу уақыты — 19:30 (Қазақстан уақытымен).
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляцияны мына жерден көруге болады.
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі — Қазақстан боксшылары үшін 2026 жылғы алғашқы ірі халықаралық жарыс. Ерлер ұлттық құрамасы бұл турнирде жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен алғаш рет өнер көрсетіп жатыр.