Олардың қатарында ағайынды Сабырхандар, Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай бар. Сонымен қатар, бұрдым боксшылар да жеңіс жолындағы жорығын жалғастырады.
Бүгін, 6 ақпанда, Испанияның Ла-Нусия қаласында өтетін Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері басталады. Финалға жолдама үшін қазақстандық боксшылар да шаршы алаңға шығып, жұдырықтасады.
Жартылай финалдық сессия аясында Қазақстан атынан 17 боксшы жұдырықтасады. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден көруге болады.
Финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда өтеді. Естеріңізде болса, қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ел қоржынына мерзімінен бұрын медаль салған еді.
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 — Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми турнир. Ол бұл қызметте Қайрат Сәтжановтың орнын басты.