Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (9-0, 6 KO) Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткен бокс кешінде жарқын жеңіске жетіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін иеленді.
Темиров рингте жеңіліс көрмеген неміс боксшысы Доменик Арнольдпен (5-0, 2 KO) қолғап түйістірді. Айқас орта салмақта өтіп, 12 раундқа жоспарланған болатын.
Белбеу тағдыры толық дистанцияға жетпеді: қазақстандық боксшы қарсыласын 5-раундта техникалық нокаутпен (TKO) тоқтатты.
Виктор Темиров рингте “Қасапшы” деген лақап атпен белгілі. Дегенмен неміс жанкүйерлері оны көбіне жас Геннадий Головкинге ұқсатып, дәл сол сияқты Германияда өз жолын бастап, деңгейін көтеріп келе жатқан боксшы ретінде бағалайтыны да айтылады.