Ұлттық құрамадағы жанжалдан кейін әлемнің вице-чемпионы жаңа келісімшартқа қол қойды
Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев кәсіби бокстағы мансабын жаңа деңгейге шығарды.
"Жақсы жаңалықтар мен жаңа жеңістер күтіңіз!"
Келісімге қол қойылғанын боксшының өзі де растады. Саматәлі жанкүйерлеріне үндеу жасап, алдағы жоспарлары жайлы қысқаша мәлімдеме жасады:
"Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Бүгін Irfin Promotion компаниясымен келісімшартқа қол қойдық. Алда жақсы жаңалықтар мен жаңа жеңістер бар, күтіңіздер!", — деді боксшы.
Саматәлі Төлтаев кім?
Саматәлі — Қазақстан құрамасының мүшесі Санатәлі Төлтаевтың егіз бауыры. Ол әуесқой бокста да, ересектер деңгейінде де жүлделі нәтижелерімен танылған.
Негізгі жетістіктері:
- Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2016)
- Жастар арасындағы Азия чемпионы (2017)
- Ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019)
- Қазақстан чемпионы (2020)
Кәсіби ринг және дау: не болды?
Төлтаев 2024 жылдан бастап кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді. Алайда бұған дейін, әуесқой бокста жүрген кезде ол даулы жағдайға тап болған.
Мәліметке сүйенсек, оның допинг-сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стероид — оралтуринабол анықталған. Осыдан кейін боксшы 2026 жылдың 31 наурызына дейін дисквалификация алып, Қазақстан құрамасынан шығарылды.