Назым Қызайбай Қазақстанға оралады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай АҚШ-та өткен оқу-жаттығу жиынынан кейін елге оралатынын хабарлады.

Назым Қызайбай Қазақстанға оралады
Instagram/@nazym_kyzaibay09

АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?

Боксшы өзінің Instagram парақшасында АҚШ-тағы ұлттық құраманың бірлескен оқу-жаттығу жиынынан фотоколлаж жариялады. Жаттығулар Олимпиадалық дайындық базасында Колорадо-Спрингс қаласында өткен.

"Бүгін қорытынды спаррингтер өтті. Бірлескен оқу-жаттығу жиыны өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жақсы жұмыс атқардық. Алдағы бір-екі күнде елге оралып, дайындықты Қазақстанда жалғастырамыз", – деп жазды Назым Қызайбай.

Екі аптаға созылған халықаралық ОЖЖ

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы АҚШ-та екі аптаға созылған халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жиын кеше ресми түрде аяқталды.

Бұл дайындыққа Назым Қызайбаймен қатар, ұлттық құраманың жетекші боксшылары да қатысты:

  • Алуа Балқыбекова (51 кг)
  • Аида Әбікеева (65 кг)
  • Наталья Богданова (70 кг)

Ұлттық құрама елге оралғаннан кейін дайындық процесін Қазақстанда жалғастырып, алдағы халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындалмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір