Fight Matrix нұсқасы бойынша отандасымыз 18-орында. Бұған дейін ТОП-200 қатарына да енбеген еді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев қысқа уақыт ішінде әлемдік рейтингте айтарлықтай серпіліс жасады. Professional Fighters League (PFL) ұйымындағы дебюттік жеңісінен кейін ол Fight Matrix нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақта 18-орынға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық спортшы ТОП-200 қатарына да енбеген еді.
7 ақпанда Дубайда өткен PFL турнирінде Исбулаев бірінші раундта-ақ лиганың бұрынғы чемпионы Хесус Пинедоны нокаутпен жеңді.
Рейтингтегі өзгеріс:
ММА рейтингтері үшін бұл – сирек кездесетін құбылыс. Мұндай серпіліске қарсыласты мерзімінен бұрын жеңу себеп болды. Айта кетейік, Пинедо жеңілістен кейін 23-орынға төмендеді.
Жаңартылған рейтингте Саламат Исбулаев бірнеше танымал спортшыны артта қалдырды. Оның ішінде:
Бұл нәтиже Исбулаевтың әлемдік элита қатарына қосылғанын білдіреді. Fight Matrix рейтингінде жартылай жеңіл салмақта бірінші орында қазіргі UFC чемпионы Александр Волкановски тұр.
Айта кетейік, Fight Matrix — тәуелсіз аналитикалық рейтинг жүйесі. Бұл UFC немесе PFL-дің ресми рейтингі емес. Дегенмен, ММА қауымдастығы ішінде ол ең объективті жүйелердің бірі ретінде мойындалған.
Аталған рейтингте тағы бір қазақстандық спортшы — Қаршыға Дәуітбек 21-орында тұр.